Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Алматы көшелеріндегі жүргізушілердің қауіпті маневрлері видеоға түсіп қалды. Полиция олардың кім екенін анықтап жатыр және жауапкершілікке тартуға уәде берді, деп хабарлайды Tengri Auto.
Алматы көшелеріндегі жүргізушілердің қауіпті маневрлері видеоға түсіп қалды. Полиция олардың кім екенін анықтап жатыр және жауапкершілікке тартуға уәде берді, деп хабарлайды Tengri Auto.
Не болды?Куәгерлер 22 маусымға қараған түні жол қозғалысы ережелерінің жаппай бұзылуын таспаға жазып алған.
Оқырмандар редакцияға видео жіберіп, оқиғаның түнгі сағат бір шамасында болғанын айтты.
Куәгерлердің айтуынша, бірнеше автокөліктен тұратын тізбек Абай даңғылымен Әшімов көшесінен Бауыржан Момышұлы көшесіне дейін жүріп өткен.
"Жүргізушілер жолда "шашки" ойнады. Рөлде жас жігіттер болды, музыканы ақыртып қойып жүйткіді. Олар бір қатардан екіншісіне кілт ауысып, өзге көліктердің алдын кесіп, апаттық жағдай туғызды. Олар тойханадан шыққан болатын", – деді редакция оқырманы.
Полиция не дейді?
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Алматы қалалық полиция департаменті тәртіп бұзушыларды іздестіріп жатқанын хабарлады. Ведомство "шабандоздардың" бұл әрекетін қауіпсіздік ережелерін өрескел елемеу деп атады.
"Мұндай әрекеттерге жол берілмейді және олардың жолы қатаң кесіледі. Аталған факті бойынша тексеру жүріп жатыр. Жүргізушілердің тұлғасы міндетті түрде анықталады, содан кейін олар заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады", – деп мәлімдеді полиция.
Полиция мәліметінше, кейінгі уақытта қала жолдарында жүргізушілердің агрессивті мінез-құлық көрсету оқиғалары жиілеп кеткен. Кейбір автокөлік иелері жолда қауіпті жағдай туғызу арқылы өздерін көрсетпек болады.
Ведомство мұндай бұзушылықтардың жолы қатаң кесілетінін баса айтып, жол қозғалысына қатысушыларды ереже сақтауға және бір-бірін құрметтеуге шақырды, сондай-ақ жол қауіпті маневрлер жасайтын орын емес екенін ескертті.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу