Алматыдағы жаңа емхана қай ауданда салынып жатқаны белгілі болды

07.03.2026

Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Жұмыс сапары барысында Алматы әкімі Дархан Сатыбалды № 7 қалалық клиникалық аурухананы жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты.

Сондай-ақ, Шұғыла шағынауданында салынып жатқан жаңа емхана және өрт сөндіру депосының құрылысын көрді.

Қазір № 7 ауруханада кешенді жаңғырту жұмыстары қолға алынды. Бүгінгі күні 9 ота жасайтын бөлме мен 16 жансақтау бөлімшесі басқа орынға көшірілді. Сонымен қатар медициналық мекеме қалыпты режимде жұмыс істеп, көрсетілетін медициналық қызмет көлемі қысқарған жоқ. Жаңғырту жобасы инженерлік желілерді ауыстыруды, ғимараттың қасбеті мен желдету жүйесін жаңартуды, пайдалы алаңды кеңейтуді және заманауи медициналық құрал-жабдықтармен жабдықтауды қамтиды.

Фото: Алматы әкімдігі

— Сонымен бірге Шұғыла шағынауданында бір ауысымда 500 адам қабылдайтын жаңа емхананың құрылысы жүріп жатыр. Мұнда терапия және педиатрия бөлімшелері, диагностикалық кабинеттер, зертхана, амбулаториялық хирургия орталығы және күндізгі стационар ашылады, — делінген хабарламада.

Бұған қоса, ауданда 6 арнайы автокөлікке арналған жаңа өрт сөндіру депосы салынып жатыр. Нысан пайдалануға берілгеннен кейін төтенше жағдайға әрекет ету уақыты қысқарып, тұрғындардың қауіпсіздік деңгейі айтарлықтай артады.

Фото: Алматы әкімдігі

Жалпы, бұл жобалар аудан тұрғындарының тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған. Соның нәтижесінде медициналық көмектің қолжетімділігі артып, тұрғындар үшін жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптасады.

Бұдан бұрын Kazinform тілшісі Алматы тау кластерін дамыту бағытында қандай жұмыстар атқарыла бастағанын зерделеп көрді.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью