Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
АСТАНА, 7 сәуір – Sputnik. Алматыда үш адамның өмірін қиған жол апатына кінәлі ZEEKR жүргізушісі тергеу изоляторына жеткізілді, деп хабарлады қалалық полиция.
Бұған дейін күдікті медициналық мекемеде айдауыл күзетімен болған және соттың санкциясымен қамауға алынған.
"Қазіргі уақытта ол қылмыстық іс аясында қамауда ұстауды жалғастыру үшін тергеу изоляторына жеткізілді", - деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, 21 наурызға қараған түні әл-Фараби даңғылында жол апатынан үш адам көз жұмған болатын.