Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Уәкілдің мәліметінше, Алматы бойынша білім сапасын бақылау департаменті бұл жеке мектепке қатысты ертең тексеру жүргізуді жоспарлап отыр.
— Қыз баланың жағдайы тұрақты, жақын күндері ауруханадан шығару жоспарланып отыр. Ата-анасымен байланыстамын, — деп жазды ол.
Сондай-ақ ол бұл іс Наурызбай ауданы прокуратурасының қадағалауында және Алматы прокуратурасының бақылауында екенін мәлімдеді.
Бұған дейін Алматыдағы жеке мектептердің бірінде кәмелетке толмаған оқушыға қатысты буллинг болды деген ақпарат бойынша қылмыстық іс қозғалған еді. Алайда Алматы полиция департаментінің хабарлауынша, сотқа дейінгі тергеу барысында бұл деректер расталмаған.
Ведомствоның мәліметінше, іс Наурызбай аудандық полиция басқармасында тіркелген. Тексеру нәтижесінде буллинг фактілері анықталмаған. Осыған байланысты қылмыстық іс қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылды.
Еске салайық, бұған дейін баланың әкесі Қанат Әміркин әлеуметтік желіде оқиға туралы жазба жариялаған. Оның айтуынша, қызы жансақтау бөліміне түскен. Әкесі болған жайтқа жеке мектептегі жағдай себеп болды деп есептейді және баласына психологиялық қысым көрсетілгенін айтты.