Алматыдағы жер сілкінісі: ТЖМ қауіпті учаскелерді тексерді

28.09.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

ТЖМ "Қазселденқорғау" мамандары Алматыдағы жер сілкінісінен кейін өзен арналарын, гидротехникалық құрылыстарды, сондай-ақ көшкін және сел қаупі бар учаскелерді тексерді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мамандар ықтимал зақымдарды анықтау мақсатында қауіпті учаскелерге мониторинг жүргізіп, тіршілікті қамтамасыз ету нысандарын көзбен шолып шықты.

"Тексеру нәтижесі бойынша зақымдар анықталған жоқ, қазіргі уақытта аталған нысандар штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Қираулар мен зардап шеккендер туралы мәлімет түскен жоқ. Жағдай тұрақты", - деп хабарлады ТЖМ.

Еске салсақ, Алматыдағы жер сілкінісі 28 қыркүйек күні таңертең болды. ТЖМ мәліметінше, жерасты дүмпулерінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 8 шақырым жерде орналасқан.

Есептелген қарқындылық көрсеткіштері:

Алматы - 3-4 балл, Қаскелең - 2-3 балл, Боралдай - 2-3 балл, Өтеген батыр ауылы - 2 балл.

Тағы оқыңыз: “Диваннан секіртіп жіберді“: алматылықтар жер сілкінісі қалай сезілгенін жазып жатыр

ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

Некені онлайн бұзуға болады. Қазақстанда ажырасу “жаңа нормаға“ айналып бара ма?

18 тамыз 13:06 2

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью