Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай шамамен 300 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелді. Зілзаланың ошағы Қырғызстан аумағында орналасқан, деп хабарлайды Tengrinews.kz "Ақ Жайыққа" сілтеме жасап.
Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай шамамен 300 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелді. Зілзаланың ошағы Қырғызстан аумағында орналасқан, деп хабарлайды Tengrinews.kz "Ақ Жайыққа" сілтеме жасап.
Қырғызстан Ұлттық ғылым академиясы Сейсмология институтының мәліметінше, жерасты дүмпуі 24 мамыр күні жергілікті уақытпен сағат 9:50-де болған.
Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында, Байбиче ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 13 шақырым, Манас қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 95 шақырым жерде орналасқан. Бұл Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай шамамен 300–350 шақырым қашықтықта.
Байбиче және Қара-Дөбе ауылдарында жер сілкінісінің күші 2 балл болып сезілген.
Қазақстан аумағында жерасты дүмпулерінің сезілгені туралы ақпарат түскен жоқ.
Бұған дейін Қазақстан сейсмологтары Қырғызстан мен Қытай шекарасында магнитудасы 4,8 және 4,5 баллдық екі жер сілкінісін тіркеді. 20 мамырға қараған түні олар Өзбекстан аумағында жер сілкінісін тіркеген болатын.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу