Алматыдан шығатын поезда әйелдерге арналған тағы бір жеке вагон пайда болады

27.08.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

2026 жылғы 1 қазаннан бастап №1/2 Алматы – Ташкент халықаралық пойызының құрамында "әйелдер вагоны" пайда болады, - деп хабарлайды Tengri Travel.

Бұл туралы 27 тамызда "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл – мұндай қызмет көрсетілетін алғашқы халықаралық бағыт. Тасымалдаушы мәліметінше, бұл шешім бағыттың сұранысқа ие болуы мен жолаушылар ағынының артуы ескеріле отырып қабылданған.

Вагон қалай жұмыс істейді?

"Әйелдер вагонына" билеттер тек әйелдерге сатылады. Жеті жасқа дейінгі (жеті жасты қоса алғанда) ұл балалар ересектермен бірге жүре алады. Вагонға әйел жолсеріктер қызмет көрсетеді.

"Жолаушылар тасымалы" басқарма төрағасы Әнуар Ахметжановтың айтуынша, ішкі теміржол бағыттарында бұл қызметті 946 мыңнан аса жолаушы пайдаланып үлгерген.

Алматы – Ташкент пойызы қосылғаннан кейін "әйелдер вагондары" 14 бағыт бойынша қолжетімді болады. Олардың қатарында мына бағыттар бар:

№77/78 және №351/352 Алматы – Маңғыстау; №45/46 Павлодар – Түркістан; №37/38 Маңғыстау – Семей; №47/48 Атырау – Астана; №33/34 Ақтөбе – Алматы; №3/4 Астана – Алматы; №71/72 Астана – Шымкент; №353/354 Астана – Семей; №23/24 Ақтөбе – Алматы; №25/26 Алматы – Шымкент; №613/614 Орал – Маңғыстау; №81/82 Нұрлы жол – Орал; №1/2 Алматы-2 – Ташкент. Билетті қалай сатып алуға болады?

"Әйелдер вагонын" теміржол кассасында кассирге ескерту арқылы таңдауға болады. Онлайн сатып алу кезінде "ӘЙ" белгісі бар орынды таңдау қажет.

Билеттерді сату пойыз жүруінен 45 тәулік бұрын басталады.

№1/2 пойыз күн сайын қатынайды. Ол Алматыдан сағат 19:05-те шығып, жергілікті уақыт бойынша 12:53-те Ташкентке жетеді. Ташкенттен пойыз 14:41-де шығып, Алматыға 8:51-де келеді.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью