Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
АЛМАТЫ, 2 қазан – Sputnik. Air Astana Алматыдан Токиоға тікелей рейстерді іске қосады, хабарлады әуе компаниясы.
Алғашқы рейс Алматыдан 30 қарашада, ал кері рейс Токиодан 1 желтоқсанда орындалады.
Airbus A321LR ұшақтары аптасына екі рет Токио халықаралық әуежайына қатынайды.
Рейс кестесі жергілікті уақыт бойынша:
Алматы – Токио, KC171 – дүйсенбі және бейсенбі күндері Алматыдан сағат 21:55-те ұшып, келесі күні сағат 09:25-те Токиоға қонады.
Токио – Алматы, KC172 – сейсенбі және жұма күндері Токиодан сағат 10:55-те ұшып, Алматыға сағат 16:20-да жетеді.
Алматыдан Токиоға ұшу ұзақтығы – 7 сағат 30 минут, ал кері бағытта – 9 сағат 25 минут.
Air Astana мен Japan Airlines арасындағы қазіргі серіктестік шеңберінде Токио (Нарита) мен Алматы арасындағы рейстер код-шеринг режимінде орындалады.
Екі бағыттағы билеттің ең төменгі бағасы эконом-класта 350 552 теңгеден, бизнес-класта 1 398 918 теңгеден басталады.
Билеттерді Air Astana-ның ресми сайты, мобильді қосымшасы және аккредиттелген туристік агенттіктер арқылы сатып алуға болады.