Алматыдан ұшқан FlyArystan ұшағы Астанаға бірден қона алмады

03.08.2026

Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

FlyArystan әуе компаниясының FS7055 рейсі 1 тамызда Астана әуежайына қону кезінде екінші айналым жасауға мәжбүр болды. Бұл ақпаратты әуе тасымалдаушысының баспасөз қызметі растады.

Оқиға туралы алғаш болып жолаушылар әлеуметтік желіде жазды. Олардың кейбірі ұшақтың қозғалтқышында ақау болуы мүмкін деген болжам айтқан.

Алайда FlyArystan компаниясы бұл ақпаратты жоққа шығарып, экипаждың екінші айналым жасау туралы шешімі ауа райы жағдайының өзгеруіне байланысты және ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданғанын мәлімдеді.

Компанияның хабарлауынша, қайта қонуға әрекеттенгеннен кейін әуе кемесі Астана әуежайына сәтті қонған.

Сондай-ақ әуе тасымалдаушысы ұшақтың барлық жүйесі қалыпты режимде жұмыс істегенін, ұшу қауіпсіздігіне әсер ететін ешқандай техникалық ақау анықталмағанын атап өтті.

Еске салайық, кеше Алматыдан Астанаға бағыт алған Air Astana ұшағы да қона алмай кері қайтқан еді.

Айта кетейік, бұған дейін Перуде туристер мінген ұшақ апатқа ұшырап, 13 адам қаза тапқанын хабарлаған едік.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью