Алматыға 2,3 трлн теңге инвестиция құйылды

18.05.2026

Sputnik.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

АСТАНА, 18 мамыр – Sputnik. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Алматының негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі 2,3 трлн теңгеге жетті, деп хабарлады қала әкімдігі.

Ал тікелей шетелдік инвестиция көлемі 8,5 млрд АҚШ доллары болды.

"Шетелдік инвестицияның негізгі бөлігі көтерме және бөлшек сауда саласына, соның ішінде автомобиль мен мотоциклді жөндеуге бағытталды. Атап айтсақ, бұл 4 млрд АҚШ доллары немесе жалпы көлемнің 47%-ы", - деп жазылған хабарламада.

Қаржы және сақтандыру қызметі — 1,3 млрд АҚШ доллары (15,5%), ақпарат және байланыс саласы — 1,2 млрд АҚШ доллары (14%), сондай-ақ көлік және қойма саласы — 646 млн АҚШ доллары (7,5%) көлемінде болды.

Қалаға шетелдік инвестициялар негізінен Ресей, Нидерланд, Оңтүстік Корея, Бельгия және Қытайдан тартылады.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью