Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Алматы – Маскат – Алматы бағыты бойынша ұшқан Boeing 767 ұшағы елге 314 адамды, соның ішінде балалы отбасыларды жеткізді. Екінші рейспен тағы 230 отандасымыз келе жатыр. Жолаушыларды әуежайдың күту залында туған-туыстары күтіп алды.
Фото: Алматы қаласы ӨКҚ- Ұшақ Алматыға қонғанда ішімдегі қуанышты сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Бізді қиындықта қалдырмағандарыңыз үшін өте ризамыз, — деді балаларымен бірге ұшып келген жолаушылардың бірі.
Елге оралған отандастарымыздың айтуынша, арнайы рейс ұйымдастыру туралы шешім олар үшін қиын сәтте үлкен демеу болған. Адамдар дипломатиялық қызмет пен көлік ведомстволарына алғысын білдірді.
Еске салайық, бұған дейін Атырау қаласына Сауд Арабиясының Медина қаласынан ұшып келген чартерлік рейс қонды.