Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Айта кетейік, бірнеше күннен бері әлеуметтік желіде Алматыға бірнеше өңірден, яғни Астанадан, Ақмола, Қарағанды және Жамбыл облыстарынан полиция көліктері барып жатқаны жайында видео тараған еді.
Осы орайда бүгін Сенат отырысынан кейін тілшілер министрдің бірінші орынбасарынан аталған полицейлер Алматыда қандай жұмыстармен айналысатынын сұрады.
- Бұл шешім жоспарлы іс-шаралар аясында қабылданды. Мұндай жұмыстарды Астанада және басқа да өңірлерде жүзеге асырған едік. Қазір енді Алматыға полицейлерді жібердік. Олар бірінші кезекте жол ережесіне, қоғамдық тәртіпті бақылауға назар аударады, - деді Бауыржан Әленов.
Осы орайда ол өңірлерден полицейлерді жіберу Алматыда жаппай қудалау немесе жазалауды білдірмейтінін атап өтті. Белгілі бір уақыт ішінде аталған жоспарлы іс-шаралар аяқталғаннан кейін, бұл полицейлер өз облыстарына қайтарылады.
Еске салайық, 21 наурызға қараған түні Zeekr көлігінің жүргізушісі Әл-Фараби даңғылының бойымен келе жатып, қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, Mercedes автокөлігімен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан Mercedes көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында қаза тапты.
Кейін Алматы қаласы полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов резонанс тудырған жол-көлік оқиғасына қатысты пікір білдірді.
Ішкі істер министрі Ержан Саденов Алматыда болған адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасына қатысты пікір білдіріп, жағдайдың ерекше бақылауда екенін атап өтті.