Алматыға онкологиялық ем алу үшін қай елдердің азаматтары келіп жатыр

03.02.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

— Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының дерегіне тоқталсақ, 2025 жылы бізде шамамен 500-ге жуық шетелдік азамат диагностика мен ем қабылдаған. Бұл көрсеткіш жыл сайын өсіп келе жатыр, — дейді Қалдыгүл Смағұлова Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг кезінде.

Ол науқастардың сәулелік терапия, ісікке қарсы дәрілік терапия, сондай-ақ хирургиялық емнің жекелеген түрін алу үшін келетінін нақтылады. Мамандардың айтуынша, Алматыда онкологиялық көмектін толық циклі болғандықтан және осы заманғы медициналық технологиялардың көмегімен емдейтіндіктен, сұраныс та артыпты.

Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты басқарма төрағасының орынбасары Айша Молдашева медициналық туризмнің дамуы замандық онкологиялық көмектің сапасы мен қолжетімділігіне тікелей байланысты екенін атап өтті. Онкологиялық аурулар туралы ең кең тараған мифтердің бірі — қатерлі ісікті үкім ретінде қабылдау екені айтады.

— Қазір қатерлі ісіктің барлық түрін емдейді, олар барған сайын басқарылатын созылмалы жағдайлар санатына өтіп жатыр. Қазіргі заманғы онкология — бұл жоғары технологиялық хирургиялық ем, дәл сәулелік терапия, сондай-ақ химиотерапия, соның ішінде иммундық-онкологиялық және нысаналы дәрілік терапия, — деді Айша Молдашева.

Еске салайық, бұған дейін елімізде бір жылда 43 мыңнан астам адамнан қатерлі ісік анықталғанын хабарлаған едік. Қазір ел бойынша қатерлі ісікпен өмір сүріп жатқан адамдар саны 246 мыңнан асты. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 6,6% көп.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью