Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Фото: Ашық дереккөз
Ер адам 2009, 2012 және 2015 жылы туған үш баласына төленетін алимент көлемін әр балаға 5 айлық есептік көрсеткішке (21 625 теңге) дейін төмендетуді сұраған. Ол жеке кәсіпкердің қарамағында жұмыс істейтінін және ай сайынғы табысы 100 мың теңге екенін алға тартқан. Алайда бұл мәліметтерді растайтын құжаттарды ұсына алмаған.
Бұған дейін 2016 жылғы сот шешімімен ол әр балаға 20 АЕК көлемінде, яғни 86 500 теңгеден алимент төлеуге міндеттелген болатын. Бірінші және апелляциялық сатыдағы соттар оның талабын ішінара қанағаттандырып, төлем мөлшерін 10 АЕК-ке дейін қысқартқан. Кейін балалардың анасы кассациялық сотқа жүгінген.
Балқаш қаласында зейнеткер қызынан ай сайын алимент алғысы келген
Іс материалдарын қараған сот алқасы талапкердің қаржылық жағдайының нашарлағанын дәлелдей алмағанын атап өтті. Сонымен қатар салық есептілігі оның көрсеткен жұмыс орнында еңбек етпейтінін және балаларын асырауға жеткілікті табысы бар екенін көрсеткен.
Сот мәліметінше, ер адам өзіне тиесілі көлікті әпкесіне сыйға тартқанымен, оны іс жүзінде өзі пайдаланған. Бұл әрекет мүлікті жасыру және алименттік міндеттемелерден жалтару белгісі ретінде бағаланған.
Батыс Қазақстан облысында алимент төлемеген борышкер бас бостандығынан айырылды
Нәтижесінде кассациялық сот төменгі сатыдағы сот шешімінің күшін жойып, алимент мөлшерін азайту туралы талапты қанағаттандырудан бас тартты.