Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Қазақстанға турист ретінде келген Италия азаматы Алматы қалалық Орталық клиникалық ауруханасының дәрігерлеріне шынайы алғысын білдірді. Дәрігерлер оған шұғыл әрі күрделі ота жасап, өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Фото: Денсаулық сақтау министрлігі
Қазақстанға турист ретінде келген Италия азаматы Алматы қалалық Орталық клиникалық ауруханасының дәрігерлеріне шынайы алғысын білдірді. Дәрігерлер оған шұғыл әрі күрделі ота жасап, өмірін сақтап қалды.
Пациенттің айтуынша, ол Қазақстанға келіп, елдің мәдениетімен, халқымен танысуды көптен армандаған. Алайда Алматыға келгеннен кейін үш күн өткен соң оның жағдайы күрт нашарлап, іші қатты ауырып, жедел түрде ауруханаға жеткізілген.
Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, тексеру барысында дәрігерлер контрастпен компьютерлік томография жасап, аса қауіпті диагноз − қолқаның инфрареналдық бөлігіндегі аневризманың жарылуын анықтады. Мұндай патология шұғыл хирургиялық көмексіз адам өміріне тікелей қауіп төндіреді. Себебі ол ішкі қан кетумен қатар жүреді.
Пациентті профессор Серік Тұрсынбаев пен хирургия бөлімшесінің меңгерушісі Рахман Сапарбаев қарап шықты. Дәрігерлер шұғыл ота жасау туралы шешім қабылдады.
Дәрігерлерді даярлаудың жаңа моделі: Оқу мерзімі мен талаптар қалай өзгереді?
Ота шамамен төрт сағатқа созылды. Ота барысында дәрігерлер аневризманың жарылғанын растады және пациентке жасанды қантамырлық протез орнатты. Мұндай оталар тамыр хирургиясындағы ең күрделі оталардың бірі болып саналады және жоғары дәлдікті, жедел шешім қабылдауды әрі медициналық команданың үйлесімді жұмысын талап етеді.
«Мен өмірімді сақтап қалған дәрігерлерге, сондай-ақ Қазақстан бойынша күн сайын адам өмірін арашалап жүрген барлық медицина қызметкерлеріне зор алғысымды білдіремін. Кәсібиліктеріңіз, көмектеріңіз бен адамгершіліктеріңіз үшін рақмет», деді турист.
Қазіргі уақытта науқастың жағдайы тұрақты деп бағаланып отыр. Ол әрі қарай амбулаториялық ем қабылдайды.
Соңғы жаңалықтар
Михаил Габышев үлкен футболмен қош айтысты
Спорт • Бүгін, 11:53
Астанада қай көшелерде қозғалыс шектеледі
Қоғам • Бүгін, 11:42
Конгода эбола вирусынан 65 адам қайтыс болды
Әлем • Бүгін, 11:14
Астаналық құтқарушылар жарылыстың алдын алды
Қоғам • Бүгін, 10:33
Су үнемдеу ісінде Қазақстан өңір елдерінен озып тұр
Экология • Бүгін, 10:05
Еліміздің ірі мегаполистерінде ауа райы қандай болады
Экология • Бүгін, 09:38
Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр
Экономика • Бүгін, 09:10
Жүлде қоры – 1,6 млн доллар: Елордада PGL Astana 2026 халықаралық турнирі басталды
Елорда • Кеше
Ортақ құндылықтар мен ортақ мүдде: Түркі әлемінің даму бағыты
Саясат • Кеше
Тарихшы ғалымның хаттары кітап болып жарық көрді
Әдебиет • Кеше
«Әр адамның мәселесі маңызды»: Ерлан Қошанов тұрғындардың талап-тілегін тыңдады
Қоғам • Кеше
Түркі елдерінің басшылары Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті
Қоғам • Кеше
Түркістанда Түркі өркениеті орталығы бой көтереді
Аймақтар • Кеше
Түркі халықтарының көшбасшылары Turkistan визит-орталығына барды
Президент • Кеше
Президент түркі тарихын біріктіретін AI-платформа құруды ұсынды
Президент • Кеше