Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
АСТАНА, 22 қазан - Sputnik. Алматы қаласындағы № 2 қалалық перинаталдық орталықтың мамандары салмағы небәрі 679 грамм болып шала туған нәрестені аман алып қалды, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.
Нәресте реанимацияда 70 күн, өкпені жасанды желдету аппаратында 43 күн жатқан.
"Ұл бала 8 тамызда жүктіліктің 26 аптасы мен 6 күнінде дүниеге келген. Анасы шұғыл түрде перинаталдық орталыққа жеткізілген. Жүктілік кезіндегі асқынуларға байланысты медициналық көрсетілімдер бойынша кесір тілігі жасалған", - дейді министрлік.
Сәби реанимациядан шығып, анасының қасына жатқызылды.
Қазір нәрестенің туғанына 75 күн болды. Салмағы 1 800 граммға жетті. Үшінші күн қатарынан анасымен бірге палатада жатыр.