Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
АЛМАТЫ, 15 шілде – Sputnik. Алматыда дәрігерлер салмағы 5 келіден асатын алып жатыр миомасын сәтті алып тастады, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.
Алматы қаласының №2 қалалық перинаталдық орталығына жүктіліктің 35-аптасында қағанақ суы мерзімінен бұрын кеткен 40 жастағы жүкті әйел шұғыл түрде жеткізілді.
Тексеру барысында дәрігерлер ұрықтың өміріне қауіп төндіретін қан айналымының бұзылуын анықтады. Осыған байланысты шұғыл кесарь тілігін жасау туралы шешім қабылданды.
"Операция кезінде мамандар көлемі 20×25 сантиметр болатын алып миоманы анықтады. Жағдай айқын жабысқақ үдеріспен күрделене түскен: ішек жатырға тығыз жабысып қалған", - дейді министрлік.
© Photo : Пресс-служба Министерства здравоохранения РКАлматылық дәрігерлер жүкті әйелдің ішінінен нәрестемен бірге 5 кг ісікті алып шықты
Алматылық дәрігерлер жүкті әйелдің ішінінен нәрестемен бірге 5 кг ісікті алып шықты
© Photo : Пресс-служба Министерства здравоохранения РК
Клиникалық жағдайдың күрделілігін ескере отырып, №2 қалалық перинаталдық орталықтың директоры Светлана Рахимова операцияны жедел ұйымдастырып, хирургиялық араласуға Алматы онкологиялық орталығының онкогинекологы Райхан Болатбекованы тартты.
"Дәрігерлердің бірлескен күш-жігерінің арқасында сәбиді аман-есен дүниеге әкеліп қана қоймай, пациенттің жатыры мен репродуктивтік функциясын сақтай отырып, салмағы 5,1 келі болатын алып ісікті де алып тастауға мүмкіндік туды. Бұл әйелге болашақта қайтадан ана атануға мүмкіндік береді", - дейді дәрігерлер.
Дүниеге салмағы 2,2 келі болатын шала туған ұл бала келді. Сәби жаңа туған нәрестелердің реанимация бөлімшесі мамандарының бақылауында болған. Уақтылы көрсетілген медициналық көмектің арқасында оның жағдайы тұрақтанды, дейді министрлік.
Айтуларынша, қазіргі кезде ана мен сәбидің жағдайы жақсы, олар үйлеріне шығарылған.