Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
АСТАНА, 21 қазан – Sputnik. Алматыда жедел медициналық жәрдем қызметіне 50 арнайы автокөліктің кілті табысталды, деп хабарлайды қала әкімдігі.
Жаңа көліктердің ішінде 12 дана С класты реанимобиль және 38 дана В класты санитарлық машина бар. Барлық көлік заманауи медициналық құралдармен жабдықталған және жолға шығуға толық дайын.
"Диспетчерлік қызмет тәулігіне шамамен 3 мың қоңырау қабылдайды, ал жедел жәрдем бригадалары күніне 2600-ге дейін шақыртуға шығады. Жаңа көліктердің арқасында деп кезінде жедел көмек көрсетіліп, адам өмірін құтқаруға мүмкіндік береді", - дейді ведомстводағылар.