Алматылық оқушы БҰҰ штаб пәтерінде әлемнің үздік 3 жас инноваторының қатарына енді

22.04.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Алматы әкімдігінің мәліметінше, 2024-2025 жылдары Дана ғарыштық технологиялар бағытындағы Kazakhstan Smart Space халықаралық байқауында жүлделі орындарға ие болып, инженерлік саладағы терең білімін дәлелдеген. Одан кейін АҚШ-та өткен Olimpiad USA математикалық олимпиадасында екінші орын иеленіп, Индонезияда өткен YISF халықаралық байқауында жеңіске жетті.

Алайда оның ең үлкен жетістігі ауадан су алу технологиясын әзірлеуі болды. 2025 жылы шілде айында Сеулде өткен WICO дүниежүзілік жастар ғылыми олимпиадасында Дана алтын медаль жеңіп алды. Қазылар алқасы «Атмосферадан су жинауға арналған алюминий фумараты негізіндегі металлорганикалық қаңқалық құрылымдарды синтездеу» тақырыбындағы жобаны жоғары бағалады.

Фото: Алматы әкімдігі

2026 жылы сәуірде Дана тағы бір биікті бағындырды. БҰҰ-ның Венадағы штаб-пәтерінде UNIDO ұйымдастырған Cleantech Days Forum 2026 форумында ол әлемнің үздік 3 жас өнертапқышының қатарына енді.

Жас өнертапқыштың жетістіктері ел ішінде де жоғары бағаланды: 2025 жылы 3 желтоқсанда ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігімен жобаны пилоттық енгізу туралы меморандумға қол қойылды.

Фото: Алматы әкімдігі

- Ауыз су тапшылығын шешуге қабілетті технология ұсынған оқушымыз Дана Қадырбек екенін мақтан тұтамыз. Осындай дарынды жастар біздің басты стратегиялық ресурстарымыз және елдің технологиялық болашағының кепілі, — деді Алматы қаласы Білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Сәкен Аралбаев.

Еске салайық, бұған дейін елордалық оқушы оқу үдерісін жетілдіретін жоба ойлап тапқанын жазғанбыз.

Фото: Алматы әкімдігі
Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью