Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Фото: Ашық дереккөз
23 маусым күні полицияға таулы аумақта мәйіт табылғаны туралы хабарлама түскен.
«Оқиға орнына жедел түрде тергеу-жедел тобы шықты. Қаза тапқан адамның жеке басы анықталды. Оның полиция қызметкері болғаны расталды», делінген хабарламада.
Қылмыстық іс қозғалды.
Тобыл өзенінде суға батып кеткен атасы мен немересінің мәйіті табылды
Жедел-іздестіру барысында күдіктілер ұсталған. Олардың қатарында марқұмның жұбайы және ұлы бар. Барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалды.
«Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді», делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Жайық өзеніне балық аулауға кеткен ер адамның мәйіті табылғаны туралы жазған едік.