Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Бұл туралы бүгін, 6 сәуірде қаланың ПД баспасөз қызметі бөлісті.
"Түнгі уақытта қаланың негізгі магистральдарында "бөтелке мойны" тәсілі арқылы жолдың жүру бөлігін уақытша тарылту ұйымдастырылады. Бұл тәсіл көлік ағынын баяулатып, жүргізушілерді іріктеп тексеруге, оның ішінде мас күйінде көлік басқару деректерін анықтауға мүмкіндік береді",- делінген ақпаратта.
Осындай бекеттердің бірі өткен демалыс күндері Шығыс айналма автомобиль жолында жұмыс істеді. Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында уақытша жол белгілері орнатылды: жылдамдықты 40-60 км/сағ дейін шектеу, кедергіні айналып өту бағытын көрсету және жолдың тарылуы туралы ескерту.
Аталған тәжірибе өзінің тиімділігін көрсетті. "Стоп – бұзушылықтар" ЖПІШ өткізілген 5 күн ішінде Алматы қаласының жолдарында 9 820 құқық бұзушылықтың жолы кесілді.
Атап айтқанда 43 жүргізуші мас күйінде ұсталды, 78 жүргізушінің көлік басқаруға құқығы жоқ екені анықталды, бұрын жүргізуші куәлігінен айырылған 12 адам ұсталды, жалған мемлекеттік нөмірлік белгілерді пайдаланудың 14 дерегі әшкереленді, қарсы бағытқа шығудың 36 фактісі тіркелді және өзге де құқық бұзушылықтар анықталды.
Сонымен қатар, 3 666 көлік құралы мамандандырылған айыппұл тұрақтарына қойылды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Алматы қаласының ПД | ДП г.Алматы (@almaty_police_department)
Полицияның мәліметінше, фильтрациялық бекеттер жол қозғалысы қатысушыларының тәртібін арттыруда және өрескел құқық бұзушылықтардың алдын алуда тиімді құрал ретінде өзін көрсетті.
"Фильтрациялық бекеттер – жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған заманауи әрі тиімді әдістердің бірі. Жолды жасанды түрде тарылту көлік ағынының жылдамдығын төмендетіп, апаттық жағдай туындатпай жүргізушілерді бақылауға мүмкіндік береді. Әсіресе, мас күйінде көлік басқару деректерін анықтауға баса назар аударылады. Бұл – ауыр жол-көлік оқиғаларының негізгі себептерінің бірі. Нақты нәтижелер бар: бірнеше күннің ішінде ондаған мас жүргізуші ұсталды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасады".Алматы қаласы Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Абдинур Тасыбаев
Бұған дейін Қазақстанда бетті жабатын киімдерді киюге тыйым салынғанын жазғанбыз.