Алматылық спортшы Түркияда өткен халықаралық турнирде жүлдегер атанды

01.04.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Дүбірлі додаға әлемнің 21 елінен 175 үздік спортшы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша, алматылық спортшы Камиля Досмалова жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола медаль жеңіп алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Камиля Досмалова – пара таэквондодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Ол Парижде өткен XVII жазғы Паралимпиада ойындарында бесінші орын иеленіп, халықаралық аренадағы жоғары деңгейін дәлелдеген болатын.

Алматы қаласы Спорт басқармасы өкілдерінің мәліметінше, спортшы халықаралық сайыста жоғары шеберлік танытып,  Қазақстанның абыройын лайықты түрде қорғады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью