Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Алматы полицейлері ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетіндегі әріптестерінің қолдауымен синтетикалық есірткі өндіретін зертхананы жойды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы полицейлері ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетіндегі әріптестерінің қолдауымен синтетикалық есірткі өндіретін зертхананы жойды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Тінту барысында құқық қорғау органдарының қызметкерлері көп мөлшерде жабдықтар мен химиялық компоненттерді, соның ішінде қолдан жасалған реакторды, химиялық сұйықтықтары бар ондаған канистраны, зертханалық ыдыстарды, таразыларды, вакуумды тығыздағыштар мен қаптауға арналған жүздеген пакетті тәркіледі.
"Тәркіленген барлық заттар мен заттай дәлелдемелер сот сараптамасына жіберілді. Қазіргі уақытта жедел-іздестіру және тергеу іс-шаралары жүргізілңп жатыр", - деп нақтылады ведомство.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Полиция есірткі өндіру мен өткізу қылмыстық жауапкершілік қарастырылған ауыр қылмыс екенін атап өтті.
Тағы оқыңыз: Павлодарда ҚМА танымал өнімдердің қаптамасына салынған есірткіні анықтады
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу