Алматылық жігіт бес жыл жүрген қызын алып қашамын деп сотталып кетті

24.06.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

АСТАНА, 24 маусым - Sputnik. Алматы облысының үш тұрғыны қыз алып қашамын деп сотталып кетті, деп хабарлайды Жамбыл облысының соты.

Оқиға өткен жылдың қазан айында болған. Тараз қаласында Алматы облысының үш тұрғыны Жамбыл облысының 19 жастағы тұрғынын некеге тұруға мәжбүрлеп, алып қашқан.

"Жәбірленуші бес жылдан астам уақыт бойы алып қашуды ұйымдастырған азаматпен жақын қарым-қатынаста болған. Алайда оған тұрмысқа шығудан бас тартқан", - дейді сот.

Қыздың бірнеше мәрте бас тартуына қарамастан, ер адам оны алып қашпақ болған. Сөйтіп қылмысты жасауға таныстарын тартқан. Үш ер адам күш қолданып, күндізгі уақытта жәбірленушіні алып кеткен.

Сот үкімімен үш сотталушының әрқайсысы үш жылға бас бостандығынан айырылды.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью