Алматылықтар биыл интернет алаяқтарға 500 млн аударған

23.04.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

— Алаяқтар жасанды интеллекті жиі пайдаланатын болды. Кейінгі 6 жылда мұндай қылмыстың саны екі еседей артқан. 2020 жылы 1677 факт тіркелсе, былтыр ол 2851-ге жетті. Бұл мәселенің өте өзекті екенін көрсетеді, — деді ол.

Жыл басынан бері Алматыда 700-ден астам интернет-алаяқтық тіркеліп, оның 300-ден астамы ашылған. Жалпы келтірілген шығын 490 млн 473 мың теңгеге болған. Оның 229 млн 702 мың теңгесі өтелген. Сонымен қатар банктермен және байланыс операторларымен бірлесіп, 45 млн теңгеден астам соманы аудармақ болған 42 қылмыстық әрекеттің де жолын кескен.

Еркебұлан Қойшыбаевтың айтуынша, қазір Deepfake-алаяқтық, дауыс салу, автоматтанған чат-боттар мен жалған құжат жасау кең тараған. ЖИ алаяқтарға банктер немесе мемлекеттік органдар атынан сауатты хабарлама жазып, жәбірленушімен сөйлесіп, ақшасын, жеке деректерін алдап алуға мүмкіндік береді.

Фото: Алматы қаласы ӨКҚ

— Біз мұндай қылмыспен кешенді түрде ғана күресуге болатынын түсінеміз. Бұл — технологияларды дамытып, халықпен етене жұмыс істеп, банктер мен IT-компаниялармен бірлесіп жұмыс істеу. Азаматтардың өздері де мұқият болып, киберқауіпсіздіктің қарапайым ережесін сақтауы керек. Бұл алаяққа арбалып қалудан сақтайды, — деді ол.

Тәртіп сақшылары күмәнді сілтемелерге өтпеуге, шұғыл ақша аударуды сұрағандарға сене салмай, ақпаратты тексеріп алуға шақырады. Жеке деректерді де бермей, екі факторлы аутентификацияны қолдану керек.

Еске салайық, Түркістанда интернет-алаяқтық схемаларына қатысы бар 239 дроппер әшкереленді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью