Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Алматыда Республика алаңында автокөлік өртенді. Қалалық ТЖД жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматыда Республика алаңында автокөлік өртенді. Қалалық ТЖД жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ВидеоОқиға куәгерлерінің бірі редакциямызға бүгін кешке түсіріп алған видеосын жолдады.
ТЖД не дейді?Ведомство мәліметінше, сағат 18:02-де ТЖД күштері мен құралдары Бостандық ауданы, Республика алаңы, 13-үй мекенжайына жіберілді.
"Көліктің ашық жалынмен өртеніп жатқаны туралы хабарлама түсті. Өрт сөндірушілер жеткен бойда өртті сөндіруге кірісті. Қабылданған шаралардың нәтижесінде сағат 18:10-да өрт оқшауланды", - деп атап өтті ТЖД.
Ведомство жеңіл автокөліктегі өрттің өте жылдам таралатынын және машинаны 2–3 минут ішінде толықтай жойып жіберетінін еске салды. Сондықтан электр жабдықтарына тек мамандандырылған ТҚС-ларда қызмет көрсету, қолдан жасалған сақтандырғыштарды пайдаланбау және көлікте әрдайым жарамды өрт сөндіргіш ұстау маңызды.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу