Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
2026 жылғы 17 тамыздан бастап Алматы тұрғындары тұрғын үй маңындағы коммуналдық ақылы тұрақтарды тегін пайдалануға өтінім бере алады, деп хабарлайды Tengri Auto Алматы әкімдігіне сілтеме жасап.
Тегін тұрақ пайдалану құқығы ережеде көзделген негіздер болған жағдайда беріледі. Негізгі шарттардың бірі – өтініш берушінің меншігінде тіркелген автокөліктің болуы.
Тұрғын жайдан 500 метр радиуста бір коммуналдық тұрақты таңдауға болады. Бұл ретте бір тұрғын жайға тек бір көлік құралы есептеледі.
Маңызды жайт, меншік иелеріне тұрақты бос орындар болған жағдайда ғана тегін пайдалану құқығы беріледі. Яғни, белгілі бір орынды алдын ала брондау мүмкін емес.
Өтінімді қалай беруге болады?Өтінішті "Алматы паркинг" ШЖҚ КМК интернет-ресурсы немесе eOtinish порталы арқылы беруге болады.
Өтінімді "Алматы паркинг" сайты арқылы беру ЭЦҚ көмегімен авторизациядан өту (кіргеннен кейін тегі, аты, әкесінің аты және ЖСН немесе БСН электрондық цифрлық қолтаңба сертификатынан автоматты түрде толтырылады); тұрғын жайдың мекенжайын көрсету және картадан коммуналдық ақылы тұрақты таңдау (ол көрсетілген мекенжайдан 500 метрден аспайтын радиуста орналасуы тиіс); растайтын құжаттарды қоса беру; дербес деректерді өңдеуге және жария шартқа келісімді растау; өтінішке ЭЦҚ-мен қол қойып, қарауға жіберу.Жіберілгеннен кейін жүйе өтінімге REQ-... форматындағы нөмір беріп, ол операторға түседі.
Өтінішті eOtinish платформасы арқылы беру eOtinish порталына кіру (немесе eGov Mobile қосымшасы арқылы сервисті ашу) және ЭЦҚ арқылы кіру. "Өтініш беру" батырмасын басу. "Алматы паркинг" сайтынан өтініш үлгісін алдын ала жүктеп алып, оны қолмен (көк сиямен) немесе цифрлық түрде толтыру, басып шығару, қол қою және PDF форматында сканерлеу. өтініштің сканерленген нұсқасын көліктің техникалық төлқұжатымен және жеңілдікті/тұрғылықты жерді растайтын құжаттармен бірге тіркеу. мемлекеттік органды таңдау бағанында Алматы әкімдігінің бейінді басқармасын немесе жол қозғалысын ұйымдастыруға жауапты тиісті коммуналдық кәсіпорынды көрсету. өтінішке ЭЦҚ-мен қол қойып, жұмысқа жіберу. Қандай құжаттар қажет?Тұрақты тегін пайдалануды рәсімдеу үшін тұрғын жайға немесе оның үлесіне меншік құқығын растайтын құжат қажет.
Жалға алушылар үшін мерзімі кемінде бір жылға жасалған, тіркелген жалдау шарты жарамды. Сондай-ақ көлік құралын тіркеу туралы куәліктің көшірмесін, яғни техпаспортты қоса беру қажет.
Егер тұрғын жай үлестік меншікте болса, қажет болған жағдайда басқа меншік иелерінің жазбаша келісімі талап етіледі. Оператор қосымша құжаттарды сұратуы мүмкін.
Файлдар PDF, JPG және PNG форматтарында қабылданады. Бір файлдың көлемі 10 мегабайттан аспауы тиіс.
Өтінім мәртебесін қалай білуге болады?Өтініш берілгеннен кейін оған үш мәртебенің бірі беріледі.
"Жұмыста" – өтініш қабылданды және оператордың тексеруін күтеді; "Мақұлданды" – тұрақты тегін пайдалануға рұқсат берілді және ол жарамды; "Қабылданбады" – құқық беруден бас тартылды. Себебін өтінім мәртебесінен немесе келген хабарламадан көруге болады.Өтінімді "Алматы паркинг" сайтында немесе "Алматы тұрақтары" мобильді қосымшасында қадағалауға болады. Мәртебе өзгерген кезде өтінім беру кезінде көрсетілген телефон нөміріне push-хабарлама келеді.
Мән-жайыОрынжай иелеріне арналған тегін тұрақ мәселесы биылғы маусымда көтерілді. Ол кезде жаңа ережелер жобасы қарастырылу сатысында болатын. Ал шілдеде жол қозғалысын ұйымдастырудың жаңа ережелері бекітілді.
"Бұл ретте нақты орын бекітілмейді, бұл тұрғындар мен басқа да қалалықтардың мүдделері арасындағы тепе-теңдікті сақтауға көмектеседі. Жобада меншік иелері, жалға алушылар және олардың отбасы мүшелері үшін бұл құқықты алу тәртібі егжей-тегжейлі сипатталған", – деді Жол қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Ержан Диханбаев.
Тағы оқыңыз: Алматыда кімдер көлігін тегін тұраққа қоя алады: жаңа ереже жарияланды
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу