Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Алматы мектептері маңында патрульдік бақылау күшейтіліп, қозғалысты қолмен реттеу енгізіледі. Бұл туралы Алматы ПД Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Тимур Ноғайбаев айтты, деп хабарлайды Tengri Auto.
Оқу жылының алғашқы күндері Алматы мектептері маңында 700-ге жуық полицей мен 130-дан астам патрульдік экипаж кезекшілік етеді. Көлік көп шоғырланған учаскелерде инспекторлар қозғалысты қолмен реттейді.
"Жалпы білім беретін мектептерге өз аумағын, оқу орындарына баратын жолдар мен кіреберістерді жақсы білетін полиция қызметкерлері бекітілген. Қыркүйектің алғашқы күндері олардың жұмысы күшейтіледі. Балалар жолдан қауіпсіз өтуі үшін және көлік ағыны кептеліс тудырмауы үшін инспекторлар жүктеме көп түсетін учаскелерде қолмен реттеуге көшеді", - деді Тимур Ноғайбаев.
Оқу жылы басталар алдында полиция қалалық қызметтермен бірлесіп, мектеп маңындағы жаяу жүргіншілер өткелін, жол белгілерін, таңбалар мен жарықтандыруды тексереді. Анықталған кемшіліктерді жою үшін жауапты қызметтерге нұсқама жолданады.
Мектеп автобустары да жеке тексеруден өтеді. Мамандар көліктің техникалық жағдайын, балаларды тасымалдау талаптарының сақталуын және маршруттардың ұйымдастырылуын бағалайды.
Ата-аналарға жол ережесін сақтау ескертілдіСонымен қатар полиция ата-аналарды жол қозғалысы ережелерін сақтауға және мектеп маңында кептеліс тудырмауға шақырады. Атап айтқанда, жүргізушілерден көлікті екінші қатарға қоймауды және жаяу жүргіншілер өткелі маңында қалдырмауды сұрайды.
"Балалар ережені білмегендіктен ғана бұзбайды. Кейде бала асығады, телефонға алаңдайды, құлаққаппен жүреді немесе жолдан тезірек өткісі келеді. Бірақ көп нәрсе ата-ананың мінез-құлқына байланысты: егер ересек адамның өзі бағдаршамның қызыл түсіне немесе белгіленбеген жерден өтсе, бала мұны қалыпты жағдай ретінде қабылдай бастайды. Сондықтан жолдағы бала қауіпсіздігі, ең алдымен, үлкендердің жеке үлгісінен басталады", - деп атап өтті спикер.
Күзде полиция балалардың киімі мен рюкзактарына жарық шағылыстыратын элементтерді қолдануды ұсынады. Бұл әсіресе күннің қысқаруына байланысты таңертең және кешкі уақытта өте маңызды.
Электрсамокаттар бақылаудаБілім беру мекемелері маңында электрсамокаттарға, велосипедтерге және басқа да жеке мобильді құралдарға бақылау күшейтіледі.
"Балалардың қауіпсіздігін тек полиция күшімен қамтамасыз ету мүмкін емес. Бұл - полицияның, педагогтардың, ата-аналардың, жүргізушілер мен оқушылардың ортақ жауапкершілігі. Біз ересектерден баламен мектепке баратын бағытын алдын ала талқылап, жолдан өтетін қауіпсіз жерлерді көрсетуді және өздерінің де ережені қатаң сақтауын сұраймыз. Біздің ортақ міндетіміз - баланың мектепке бару және қайту жолын барынша қауіпсіз ету", - деп түйіндеді Тимур Ноғайбаев.
Полиция 1 қыркүйекте көлік кептелісі артады деп болжап отыр, сондықтан тұрғындарға бағыттарын алдын ала жоспарлауды, мүмкіндігінше қоғамдық көлікті пайдалануды ұсынады.
Полиция 1 қыркүйек қарсаңында жүргізушілерге үндеу жасады
Тағы оқыңыз: Қазылған жолдар және оқу жылының басталуы: Алматыда кептеліске қалай дайындалып жатыр?
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу