Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
"Қазгидромет" синоптиктері алдағы үш күнде – 18, 19 және 20 шілдеде Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астанадағы ауа райы болжамы
18 шілдеде күн бұлтты болады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде секундына 2-7, күндіз 7-12 метр. Ауа температурасы түнде +17...+19 градус, күндіз +34...+36 градус қатты ыстық болады.
19 шілде күн бұлтты болады, күндіз өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің жылдамдығы 7-12, күндіз екпіні секундына 15 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +20...+22 градус, күндіз +33...+35 градус қатты ыстық болады.
20 шілдеде күн бұлтты болады, кей уақыттарда жаңбыр жауып, күн күркірейді. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде +18...+20 градус, күндіз +28...+30 градус.
Алматыдағы ауа райы болжамы18-20 шілде аралығында күн бұлтты болады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің бағыты солтүстік-шығысқа ауысады, жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +24...+26 градус, күндіз +40...+42 градус өте қатты ыстық болады.
Қазақстанда нөсер жауады, бірақ +48 градусқа дейінгі аптап қайтпайдыЕске сала кетейік, бұған дейін "Қазгидромет" синоптиктері 18, 19 және 20 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынған болатын. Қазақстанның кейбір аймақтарында нөсер жаңбыр жауса, енді бір өңірлерінде +48 градусқа дейінгі аптап сақталады. Толығырақ осы жерден оқыңыз.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу