Алматының білім басқармасына жаңа басшы келді

20.05.2026

7kun.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

 Сәкен Аралбаев Алматы білім басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Сәкен Аралбаев Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін «шығыстану» және «тарих» мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2008 жылы Алматы қалалық ақпараттық-талдау орталығында сарапшы қызметінен бастаған.

Әр жылдары қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында, сондай-ақ Медеу ауданы әкімінің аппаратында жұмыс істеп, бас маман, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы, әлеуметтік сала бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.

2024-2025 жылдары Алматының Бостандық ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

2025 жылғы желтоқсаннан бастап қазірге дейін Алматы білім басқармасы басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью