Алматының бірнеше ауданында электр жарығы өшіп қалды

05.07.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Кейін тағы екі апатты өшіру тіркелді. Сағат 16:50-де Шевченко, Төле би, Мұратбаев және Байтұрсынов көшелері аралығындағы тұтынушылар жарықсыз қалды. Мамандардың айтуынша, электрмен жабдықтау шамамен екі сағат ішінде қалпына келтіріледі.

Сағат 17:00-де Басенов, Жандосов, Гагарин және Манас көшелері маңында тағы бір апатты өшіру болды. Қазір оның себебі анықталуда. Энергетиктер электр қуатын екі сағат ішінде қайта қосуды жоспарлап отыр.

Сонымен қатар, тұрғындардың айтуынша, Жароков пен Жандосов көшелерінің қиылысындағы бағдаршамдар жұмыс істемей қалған. Соның салдарынан қаланың ең қарқынды жолайрықтарының бірінде көлік қозғалысы қиындаған.

Еске салайық, Астана қаласының Есіл ауданындағы Сығанақ көшесінде LRT жолдарындағы электр кабельдерінен өрт шықты. LRT мамандары электр желісін кернеуден ажыратқаннан кейін, ТЖМ қызметкерлері Vario Carbon автономды ранцтық өрт сөндіргішінің көмегімен өртті сөндірді

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью