Алматының биылғы нақтыланған бюджеті 2,8 трлн теңге болды

18.02.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Бұл туралы қалалық экономика және қаржы басқармасының басшысы Бауыржан Құдайбергенов мәслихаттың кезектен тыс XLII сессиясында мәлімдеді.

Оның айтуынша, түзету бюджет қаражатын ішкі қайта бөлу есебінен жүргізілген. Бұл қосымша жобалар жалпы бюджет көлемін арттырмай-ақ қаржыландырылатынын білдіреді. Қаражат қаланың даму басымдықтарын ескере отырып қайта бөлінген.

Биыл қаңтарда қысқа мерзімді экономикалық индикатор индексі 104,2% болды. Өсім құрылыс, өңдеу өнеркәсібі және сауда салалары есебінен қамтамасыз етілді.

— 2026 жылы жалпы өңірлік өнімнің өсімі 6% деңгейінде болады деп болжанып отыр. Бюджет қаражаты әлеуметтік сала, инфрақұрылым және көлік жүйесін дамытуға бағытталады, — деді Бауыржан Құдайбергенов.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда 2025 жылғы бюджетке түзету енгізілгенін хабарлағанбыз.

Мемлекеттік сатып алулардың нәтижесінде 19,5 млрд теңге көлемінде қаражат үнемделген. Осыған байланысты шығындардың кейбірін қысқарту ұсынылған еді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью