Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Алматының Бостандық ауданындағы жеке үй аумағында өрт шықты. Куәгерлер AFD Plaza тұрғын үй кешені маңындағы қою қара түтінді видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Өрт туралы не белгілі?
Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт 3 қарашада сағат 15:50-де Қаратаев көшесінде болғанын хабарлады.
Оқиға орнына жеке құрамнан 23 адам және жеті техника жұмылдырылған.
"Қазір Алматы гарнизонының күштері мен құралдары Бостандық ауданы Қаратаев көшесіндегі өртті сөндіріп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша өрт жеке тұрғын үйде шыққан", - деп жазылған хабарламада.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу