Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ қала мен облыс аумағындағы электр желілерінде жүргізілетін жұмыстардың апталық кестесін жариялады.
Компанияның хабарлауынша, кейбір учаскеде жарық аз уақытқа өшуі мүмкін, бірақ бұл сол аумақтағы барлық үйге бірдей қатысты болмайды.
– Бұл жұмыстар электр желісінің тұрақты әрі сапалы жұмыс істеуі үшін жүргізіледі. Жарық тек басқа қорек көзіне қосу мүмкін болмаған ерекше жағдайда ғана және аз уақытқа өшіріледі, - деп түсіндірді компания өкілдері.
Жоспарлы жұмыстарға сымдарды бөгде заттардан тазарту, жабдықтарды жартылай ауыстыру және басқа да техникалық қызмет көрсету шаралары кіреді. Әдетте мұндай жұмыстар 1,5-2 сағаттан аспайды.
Өшіру уақыты мен күні көрсетілген көшелердің толық тізімін мына сілтемеден көруге болады.