Алматының сел қауіпсіздігі нысандары тексерілді

09.08.2026

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Алматы қаласы әкімі Дархан Сатыбалды Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновпен бірге Президент тапсырмасы бойынша Алматының сел қауіпсіздігі нысандарын аралап, жағдайын тексерді.
Әкімнің жазуынша, тікұшақпен әуеден шолу барысында биік таулы мұздақ көлдер, мұздықтар мен сел қаупі бар учаскелерді зерттелді.

№19 мұздақ көлде автоматтандырылған мониторинг станциясын іске қосып, маусымдық бақылаушыға арналған модульдік үйшікті аштық. Бұл таудағы жағдайды үздіксіз бақылауға және қауіп-қатерді дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді.
Бүгінде мұздақ көлдердің, өзендер және гидротехникалық құрылыстардың жағдайы жіті бақылауда. Биыл жарылу қаупі бар жеті мұздақ көлдің алтауында алдын алу жұмыстары басталды. Заманауи мониторинг жүйесі деректерді диспетчерлік қызметке нақты уақыт режимінде жеткізіп, қажетті шараларды уақытылы қабылдауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, қаланың таулы бөлігіндегі гидрометеорологиялық жағдайды тәулік бойы бақылауда ұстайтын жаңартылған «Медеу» диспетчерлік пунктін аштық, - деп жазды қала әкімі

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью