Алматының Түрксіб ауданында 150 ден астам ескі тұрғын үй сүріледі

22.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Ауданы әкімі Дамир Әкежановтың айтуынша, Түрксіб ауданы бүгінде апатты және ескі тұрғын үйлер саны бойынша қалада көш бастап тұр, мұндай 582 тұрғын үй бар. Аталған мәселені шешу үшін қалада реновация бағдарламасы іске қосылған.

Қазір жеті учаскеде 34 ескі үй сүріліп, 17 жаңа үй салынған. Барлығы 590-нан астам пәтер иесі жаңа қонысқа көшкен.

— Жоспарда тағы 175 көпқабатты тұрғын үй салу бар, бұл 5000-нан астам пәтер деген сөз. Жалпы алғанда, осы жобалар аясында 155-тен астам ескі үй жаңартылады, — деді Дамир Әкежанов.

Сонымен қатар аулаларды абаттандыру жұмыстары қатар жүргізіліп жатыр. Биыл 25 аула жаңартылады, «Жұлдыз-1» шағын ауданында тағы 20 аула ғимараттың қасбетінен қасбетіне дейін толық күрделі жөндеуден өтеді.

Еске салайық, 2025 жылы Алматыда ескі үйлерден қанша адам көшірілгенін жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью