Алматының жүз жасаған үш тұрғыны дауыс берді

15.03.2026

Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

АСТАНА, 15 наурыз – Sputnik. Алматыда қаланың 100 жасаған тұрғындары да референдумда дауыс берді, деп хабарлайды қала әкімдігі.

Медеу ауданындағы №403 учаскеде Ұлы Отан соғысының ардагері Василий Долбня таңдауын жасады. Биыл ол 100 жасқа толады. Ғасыр жасаған қария сайлау учаскесіне жақындарымен бірге келіп, дауыс бергеннен кейін сайлау комиссиясының мүшелеріне жылы қарсы алғаны үшін алғыс айтты.

Наурызбай ауданындағы учаскеге Камиля Қосымаева шөбересімен бірге келді. Биыл ол 101 жасқа толады. Кейуана ел үшін маңызды оқиғаларды назардан тыс қалдырмайтынын және дауыс беруге әрдайым қатысуға тырысатынын айтты.

Түрксіб ауданында 100 жылдық мерейтойын атап өткен тағы бір қала тұрғыны да учаскесіне өзі барып, дауыс беруге қатысты. Оның белсенділігі ниет болса, жас ерекшелігі еш кедергі емес екенін айқын көрсетті.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью