Альпі тауларында үш күнде 10 альпинист қаза тапты

15.06.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Фото: Bild

Құтқару қызметі альпинистердің мәйітін дабыл сигналы түскеннен кейін тапқан. Алдын ала мәлімет бойынша олар таудың солтүстік беткейінде құлап кеткен.

Келесі тәулікте Монблан массивінде тағы үш адам көз жұмды. Екі альпинист Монбланның Франция аумағында құлап қаза тапса, үшінші адамның мәйіті Италия жағындағы Бренва мұздығы маңынан табылған.

Алматылық дәрігер Сингапурдан келген альпинисті құтқарып қалды

Сенбі күні Маттерхорн тауында француз альпинисі қаза болды. Қайғылы оқиға Тиндаль шыңында болған, марқұмның денесін Швейцария құтқару қызметі эвакуациялаған. Сондай-ақ осы күні Германиядағы Карвендель тауларында 22 жастағы альпинист шамамен 130 метр биіктіктен құлап қаза тапты. Ол әріптесімен бірге өрмелеп, екеуі бір арқанға байланып Шёттельтурм шыңына көтерілу кезінде көз жұмған.

Жексенбі түске дейін құтқару қызметтері тағы екі өлім дерегін тіркеді. 25 жастағы әйел мен 26 жастағы ер адам Италиядағы Пасубио тауында қаза тапты. Олар күрделі жартасты учаскеде шамамен 100 метр биіктіктен құлап кеткен.

Алғаш рет қазақ альпинистері Эйгер тауының солтүстік қабырғасын бағындырды

Айта кетейік, Астанада көпқабатты ғимараттардың терезелерін тазалауға дайындық кезінде альпинист тоғызыншы қабаттан құлап кетті.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью