Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
– Болжам бойынша шамамен 50 жастағы ер адам 2,5 метр қар астынан 50 минуттық іздестіру шараларынан кейін табылды, – деп хабарлады Францияның оңтүстік-шығысындағы Ла-Плань курортының әкімшілігі.
Курорт әкімшілігінің ақпаратына сүйенсек, ол шаңғышылардың негізгі жолынан тыс жерде шаңғы теуіп жүргенде қар көшкіні жүрген.
Жоғалған азаматты табу үшін жексенбі күні күндізгі уақытта 50-ден астам адамнан тұратын құтқару тобы операцияға қатысты, оның ішінде дәрігерлер, шаңғы мектебінің нұсқаушылары және иттер де болды.
Оқыс оқиға болған кезде ер адам топпен бірге шаңғы теуіп жүрген, бірақ курорт әкімшілігінің хабарлауынша, оның көшкінге қарсы трансивері (көшкін кезінде адамды қар астынан табуға арналған құрылғы) болмаған және оны кәсіби нұсқаушы қадағаламаған.
Айта кетейік, былтыр 27 желтоқсанда Грекияның тауларында қар көшкіні жүріп, төрт адам мерт болған еді.
Ал жуырда ШҚО-дағы таулы жерлерде қар көшкіні жүру қаупі тексерілді.