Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Әнші Алсу 2019 жылы қызы Микелла Абрамова жеңіске жеткеннен кейін "Голос. Дети" шоуы төңірегінде басталған дау туралы егжей-тегжейлі айтып берді. "До Ре" бағдарламасының эфирінде әртіс финалда дауыс беруге шынымен де сырттан араласу болғанын мойындап, бұл оқиғаның артында кім тұрғанын айтты, - деп хабарлайды Tengri Life.
Әнші Алсу 2019 жылы қызы Микелла Абрамова жеңіске жеткеннен кейін "Голос. Дети" шоуы төңірегінде басталған дау туралы егжей-тегжейлі айтып берді. "До Ре" бағдарламасының эфирінде әртіс финалда дауыс беруге шынымен де сырттан араласу болғанын мойындап, бұл оқиғаның артында кім тұрғанын айтты, - деп хабарлайды Tengri Life.
Әнші эмоциясын жасырмай, сол кезеңді әлі күнге дейін ауыр еске алатынын мойындады.
"Бұл тақырыптан қашып құтылу мүмкін емес, сондықтан нүкте қоятын кез келген сияқты. Жеті жыл өтсе де, шынын айтсам, әлі де жаным ауырады. Мен үшін бұл оңай кезең болған жоқ, сол эмоциялар мен естеліктерге қайта оралу маған ауыр тиеді", - деді Алсу.
Әртістің айтуынша, оның да, қызының да дауыс беруге қатысы болмаған. Сонымен қатар, әнші бұл істің бастамашысы бұрынғы күйеуі Ян Абрамов болғанын аңғартты.
"Шынында да, "Голос" финалында дауыс беруге сырттан араласу болды. Менің де, әсіресе қызым Микелланың да бұған ешқандай қатысымыз жоқ", - деп мәлімдеді ол.
Сондай-ақ Алсу не болып жатқанын түсінген кезде жағдайды тоқтатуға тырысқанын айтты.
"Дауыс беруге араласу болғанын түсінгенде, үйге келіп, күйеуімнің көзіне қарап: "Өтінемін, тоқта! Бұлай істеме!" - дедім. Менің өтінішім ескерілмеді, өйткені әкесі де қызын жақсы көреді және жақсы болсын деді. Бірақ соңында бәрі осылай болды", - деп ағынан жарылды әнші.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Әртіс осы даудан зардап шеккендердің бәрінен кешірім сұрады.
"Мен арнадан және "Голос" байқауының барлық қатысушысынан кешірім сұрағым келеді. Бірақ сеніңіздерші, бұған менің де, Микелланың да кінәсі жоқ", - деді ол бағдарлама эфирінде.
Еске салсақ, шоу финалы айналасындағы дау 2019 жылдың көктемінде басталды. Сол кезде жоба жеңімпазы Микелла Абрамова болып, екінші орынды 11 жастағы қазақстандық орындаушы Ержан Максим иеленді. Көптеген көрермен нәтижені әділетсіз деп санап, дауыстардың қолдан көбейтілгеніне күмән келтірді.
Финалдан кейін бұл жағдайды шоу-бизнестің көптеген өкілдері ашық талқылады. Димаш Құдайберген сол кезде Ержан Максимді қолдап, қыз балаға жол беру - "нағыз жігіттің ісі" екенін жазды.
Кейіннен "Первый канал" дауыс беруді тексергеннен кейін финал нәтижелерін жоққа шығарды. Артынша Константин Эрнст Ержан Максим мен Микелла Абрамованы қоса алғанда, жобаның барлық финалистін маусым жеңімпазы деп жариялады.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу