Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Ауқымды мәдени шараның шымылдығы Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайбергеннің қатысуымен өткен гала-концертпен түйінделді. Аталған шараға Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарымен қатар, еліміздің өзге өңірлері мен шетелден келген 50 мыңнан астам көрермен жиналды.
«Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» фестивалі аясында поэзия кеші өтті
Фестиваль күндері Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің қызметкерлері күшейтілген режимде қызмет атқарып, қоғамдық тәртіпті сақтау және қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жұмыс істеді. Гала-концерт өтетін күні адамдар көп жиналатын орындардағы қауіпсіздікке, жол қозғалысын ұйымдастыруға, көлік ағынын реттеуге және азаматтарға дер кезінде көмек көрсетуге баса назар аударылды.