Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Фото: Алтай Республикасы ІІМ баспасөз қызметі
Оқиға 7 шілде күні сағат 08:00 шамасында болған. Changan X5 Plus автокөлігін басқарған 47 жастағы Қазақстан азаматы рөлге ие бола алмай, жолдан шығып кетіп, аударылған.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші мен көліктегі үш жолаушы, соның ішінде 15 жастағы қыз түрлі дәрежедегі жарақатпен Оңғұдай аудандық ауруханасына жеткізілді. Зардап шеккендердің барлығы – Қазақстан азаматтары», делінген хабарламада.
Жүргізіліп жатқан тексеру қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Түркияда жол-көлік оқиғасынан Қазақстан азаматы қаза тапқан еді.