Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Рим әуежайлары Еуропалық одаққа кірудің жаңа ережелері уақытша жеңілдетілмесе, жазғы туристік маусымның қызған шағында жұмыста елеулі іркіліс болуы мүмкін екенін ескертті. Мәселе ЕО-ға мүше емес елдердің азаматтарына міндетті биометриялық тіркеуді қарастыратын Entry/Exit System (EES) жүйесі туралы болып отыр, деп хабарлайды Tengri Travel.
Рим әуежайлары Еуропалық одаққа кірудің жаңа ережелері уақытша жеңілдетілмесе, жазғы туристік маусымның қызған шағында жұмыста елеулі іркіліс болуы мүмкін екенін ескертті. Мәселе ЕО-ға мүше емес елдердің азаматтарына міндетті биометриялық тіркеуді қарастыратын Entry/Exit System (EES) жүйесі туралы болып отыр, деп хабарлайды Tengri Travel.
Фьюмичино және Чампино әуежайларын басқаратын Aeroporti di Roma компаниясының басшысы Марко Тронконе ірі кезекті болдырмау үшін биометриялық тексерудің бір бөлігінен уақытша бас тарту қажет екенін мәлімдеді.
"Қауіп деңгейін мен он балдан сегіз немесе тоғызға бағалар едім", - деп атап өтті Тронконе.
Оның айтуынша, қазіргі тіркеу процедурасы жаз айларында күтілетін жолаушылар ағынына сәйкес келмейді.
Жүйе жұмыс істеп тұр, бірақ қиындық тудырып жатыр"Жалғыз жол - клапанды ашу", - деді ол жолаушылардың мұндай көлемі кезінде барлық қажетті тіркеуді орындау мүмкін емес екенін түсіндіре отырып.
Entry/Exit System жүйесі іске қосу мерзімі бірнеше рет кейінге қалдырылғаннан кейін сәуірде күшіне енді. Ол Еуропалық одаққа кірмейтін елдер азаматтарынан Шенген аймағына алғаш рет кірген кезде саусақ іздерін тапсыруды және суретке түсуді талап етеді. Жүйенің негізгі мақсаты - ЕО-ның сыртқы шекараларындағы қауіпсіздікті күшейту.
Дегенмен, іске қосылғаннан кейін көп ұзамай операторлар техникалық ақау туралы хабарлай бастады. Жиі кездесетін мәселелер қатарында өзіне-өзі қызмет көрсету дүңгіршектерінің жұмысындағы іркіліс пен тіркеліп қойған жолаушылардың бүкіл процедурадан қайта өтуіне мәжбүр ететін қателіктер бар.
ACI Europe еуропалық әуежайлар қауымдастығының бас директоры Оливье Янковец автоматтандырылған жүйе жұмысын сынға алды.
Басқа әуежайлар да алаңдаушылық білдірді"Автоматтандырылған жүйелер тиісті деңгейде жұмыс істеп тұрған жоқ", - деп атап өтті ол.
Бұл мәселе Италияға ғана қатысты емес. Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы (IATA) ең көп жүктеме түсетін әуежайларда күту уақыты алты сағатқа дейін жетуі мүмкін екенін ескертті.
Кейбір елдер уақытша шешімдерді өз бетінше іздей бастады. Мәселен, айдың басында Грекия әуежайлары терминалдардағы жүктемені азайту үшін Ұлыбритания азаматтарына EES процедураларынсыз шекаралық бақылаудан өтуге рұқсат берді.
Еуропалық одақтан тыс жерлерде де қауіп сейілмей тұр. Лондон мен Стамбул сияқты ірі халықаралық әуежайлар басшылары бүкіл әуе қатынасы желісі бойынша рейстердің кешігуіне әкеп соқтыруы мүмкін "домино әсері" туралы ескертеді.
Стамбул әуежайы бас директоры Селахаттин Бильген жаңа жүйе кейбір жолаушылар үшін қиындықтар тудырып жатқанын растады.
Оның айтуынша, Түркияның көптеген азаматы еуропалық тіркеу процедурасынан алғаш рет өткен кезде елеулі қиындықтарға тап болады.
Еурокомиссия не дейді?Еуропалық комиссия ықтимал коллапс туралы қауіппен келіспейді және жүйенің Шенген аймағының барлық елінде толыққанды жұмыс істеп тұрғанын мәлімдеді.
Еурокомиссия өкілі кезектер, ең алдымен, бұрыннан бар мәселелерге - шекаралық бақылаудағы қызметкерлердің жетіспеушілігіне, әуежай инфрақұрылымының шектеулеріне және бір уақытта келетін рейстердің көптігіне байланысты екенін атап өтті.
Бұл ретте Брюссельде қолданыстағы ережелерде икемділік механизмі қарастырылғанын еске салды. Егер шекара арқылы жолаушылар қалыпты қозғалысының бұзылу қаупі туындаса, ұлттық билік органдары биометриялық деректерді жинауды уақытша тоқтата алады. Бұл мүмкіндікті пайдалану туралы шешім жекелеген мемлекеттер деңгейінде қабылданады.
Еске сала кетейік, 10 сәуірден бастап Шенген аймағы елдерінде EES (Entry/Exit System) кіру және шығу жүйесі толыққанды жұмыс істей бастады. Енді шетелдік туристердің деректері бірыңғай цифрлық базада тіркеледі, ал төлқұжаттардағы үйреншікті мөр біртіндеп тарих қойнауына кетеді.
Жүйе Еуроодаққа кірмейтін елдердің барлық азаматына қолданылады. Жаңа талаптар Шенген визасы қажет саяхатшыларға да, Еуропаға визасыз режиммен баратындарға да қатысты болады.
Реформаның басты мақсаты - шекаралық бақылауды цифрлық форматқа көшіру және қағаз түріндегі құжат айналымын азайту.
Тағы оқыңыз: Танымал лоукостер балалы отбасылар үшін маңызды ереже енгізді
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу