24.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Алтынның нарықтағы құны 2%-ға өсіп, жаңа тарихи шекті еңсерді. Күмістің де бағасы өсті.
Бір унциясының құны шамамен 84 долларға жетті. Сарапшылар бағалы металдардың қымбаттауын АҚШ Федералдық резерв жүйесінің ақша-несие саясатымен және Таяу Шығыстағы қақтығыстың ушығуымен байланыстырады. The Kobeissi Letter сарапшылары кейінгі он жылда доллардың халықаралық резервтердегі үлесі айтарлықтай әлсіреп, салмағы 18%-ға қысқарғанын жазған. Ал алтынның рөлі керісінше күшейіп, резервтердің 28%-ын иеленген. Бұл 1990-жылдардан бергі ең жоғары көрсеткіш. Мамандар жаһанда дәстүрлі активтерге деген көзқарас қайта жанданып жатыр, - дейді.