Алтын Емел ұлттық паркінде сусарлар фототұзаққа түсіп қалды

18.02.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Бақылау камерасы таулы-қыратты аймақта орналасқан. Кадрлар бұл жердің тас сусарлар үшін маңызды тіршілік орны және қозғалыс дәлізі екенін көрсетеді.

Тас сусар — епті, негізінен түнгі белсенді жыртқыш. Ол жартасты, таулы аймақтарды мекендейді, ұсақ жануарлар мен кеміргіштердің санын реттеп, экожүйе тепе-теңдігін сақтауда маңызды рөл атқарады.

— Фототұзақ деректері жануарлардың қозғалыс жолдарын, мекен ету аумағын, ғылыми мониторингті жүргізу мен қорғау шараларын тиімді жоспарлауға мүмкіндік береді, — делінген хабарламада.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от «Алтын-Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі (@altynemel_np)

Айта кетелік Алтын-Емел ұлттық паркінде сирек кездесетін жануарлар фототұзаққа түсіп қалған еді

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью