Алтын мен күміс неге тым қымбаттап кетті?

24.12.2025

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Әлемдік нарықта бағалы металдардың құны күрт өсті. 24 желтоқсанда алтынның бір унциясы алғаш рет 4 500 доллардан артып, жыл басынан бергі өсім 70%-дан асты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Фото: Ашық дереккөз

24 желтоқсандағы Reuters мәліметінше, қымбат металдар нарығында нағыз рекордтар шеруі болды. Алтынның бағасы бір сәтте 4 525 долларға дейін көтеріліп, тарих бетіндегі ең жоғары көрсеткішті тіркеді. Күміс 72,7 долларға, ал платина 2 377,5 долларға жетіп, инвесторлардың таңданысын тудырды. Палладий де соңғы үш жылдық рекордын жаңартып, 1900 долларға жуықтады.

Сарапшылар бұл жағдайды әлемдегі геосаяси тұрақсыздықпен тікелей байланыстырады. Экономикалық белгісіздік күшейген сайын, ірі капитал иелері ақшаны сенімді активтерде – бағалы металдарда сақтауды жөн көреді. Бұған қоса, АҚШ-тың пайыздық мөлшерлемелерді төмендету туралы жоспары металдардың құнын одан әрі аспандатып жіберді.

Статистика таңғалдырарлық: жыл басынан бері алтын 70%-дан астам қымбаттаса, күміс пен платина бағасы 150-160%-ға бір-ақ секірген. Бұл 1970 жылдардан бергі ең үлкен қаржылық дүмпу. Мамандар бағалы металдардың «әмбебап қорғаныс активіне» айналғанын және алдағы уақытта да сұраныс жоғары болатынын болжайды.

Соңғы жаңалықтар

Заречный кентінің тұрғындары жаңа қонысқа көшті

Аймақтар • Бүгін, 14:25

2025 жылы қандай тұлғалармен қош айтыстық?

Тұлға • Бүгін, 14:00

Қасым-Жомарт Тоқаев Besqaru зауытымен танысты

Президент • Бүгін, 13:30

Рустам Баялиев қызметінен босатылды

Президент • Бүгін, 13:16

Биыл қанша жас дәрігер ауылдан жұмыс тапты?

Медицина • Бүгін, 13:00

Тайынша ауданында сабаннан сапалы жиһаз жасайтын цех ашылды

Экономика • Бүгін, 12:50

«Тағамдарға арналған дәмдеуіш»: Астанада қалтасына есірткі салып жүрген аспаз ұсталды

Оқиға • Бүгін, 12:40

Президент елордадағы өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының көрмесіне барды

Президент • Бүгін, 12:39

Степногорскідегі «сұрықсыз» Аяз ата: тұрғындарды шошытқан мүсіндер алаңнан алынып тасталды

Аймақтар • Бүгін, 12:30

Депутат: Шағын және шалғай аудандар қолдаусыз қалып отыр

Қоғам • Бүгін, 12:25

Түркияда Ливия ұшағы апатқа ұшырады

Әлем • Бүгін, 12:20

Риддер тұрғыны баланы көлікпен қағып, өзі жалтарып кеткен

Қоғам • Бүгін, 12:05

Мемлекет басшысы Tausogar зауытын аралап көрді

Президент • Бүгін, 11:53

Алматыда әскери қызметшілер ардагер майдангерді құттықтады

Қоғам • Бүгін, 11:52

«Kundelik» жүйесіне тіркелген оқушылардың деректері расымен тарап кетті ме?

Білім • Бүгін, 11:40

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью