Алтын ордадағы ғылыми жобалар

15.05.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Мектеп партасындағы бала ертең қандай мамандық иесі болады? Бұған кейде тоқсандық баға мен емтихан нәтижесінен бұрын, оның белгілі бір салаға деген тұрақты қызығушылығы жауап береді. Әсіресе жаратылыстану, техника және ақпараттық технологиялар бағытына ерте бейімделген оқушының болашақ кәсібі де сол ізденістен бастау алып жатады. Бірі ғарышқа қызығып телескоп құрастырса, енді бірі дрон технологиясын меңгеруге талпынады. Астанадағы Оқушылар сарайында өткен «Алтын Орда» мектебі оқушыларының жобалар фестивалі осындай ізденістің нақты көрінісін көрсетті.

Мұндағы басты мақсат – баланың алған білімін өмірмен ұштастырып, ойын тәжірибе арқылы дәлелдеуге баулу. Яғни, оқушы дайын ақпаратты жаттап қана қоймай, өзі зерттеп, байқап, сұрақ қойып, оған жауап іздеуге талпынады. Сондықтан бұл алаңда балалар қызығушылығын нақты жобаға айналдырып, еңбегін көпшілік алдында таныстырды. Бірі шағын ракета құрастырып, ұшыру механизмін зерттесе, енді бірі Галилей телескопының жұмыс істеу қағидатын тәжірибе арқылы көрсетуге тырысқан. Болашақ ғарыш кемесінің 3D үлгілері, дрон технологиялары мен IT бағытындағы жобалар да көпшілік назарына ұсынылды.

Физика пәнінің мұғалімі Аспандияр Тілеуқабақовтың айтуынша, фестивальде ұсынылған жобалардың бірқатары бұған дейін қалалық және республикалық байқауларда жүлде алған.

«Оқушыларымыз физика, астрономия, ғарыш тақырыбында ғылыми жобалар әзірледі. Ракета ұшыру, Галилей телескопын жасау, болашақ ғарыш кемесін 3D модельдеу бағытындағы жұмыстар балалардың ғылымға қызығушылығын арттырады. Мұндай ізденіс олардың шығармашылық пен зерттеу қабілетін дамытады», дейді мұғалім.

Мектеп директоры Нәзила Тұрмахамбеттің айтуынша, «Алтын Орда» мектебінде оқушылардың шет тілдерін меңгеруіне, цифрлық сауаттылығын арттыруға, зерттеу қабілетін дамытуға басымдық беріледі. Бастауыш сыныптарда «Сингапур математикасы» әдістемесі қолданылып, балаларды есепті жаттап емес, логикалық әрі жүйелі ойлау арқылы шығаруға үйретеді. Сонымен қатар мектепте заманауи технологиялар кеңінен пайдаланылып, негізгі пәндер тереңдетіліп оқытылады. Оқушыларға түрлі үйірмелер мен спорт секциялары да жұмыс істейді.

«Біз үшін мектеп тек білім беретін орын ғана емес, жаңа идеялар мен жобалар туындайтын орта. Ең маңыздысы, әр бала өзін қолдаулы, назардағы тұлға ретінде сезінуі керек», дейді мектеп директоры.

Фестивальде оқушылар қонақтардың сұрағына жауап беріп, идеясының мәнін түсіндіруге тырысты. 10-сынып оқушысы Әлібек Өнербай биыл осы мектепке ауысқан. Оның айтуынша, «Алтын Орда» мектебін таңдауға IT бағыты мен ұстаздар, оқушылар арасындағы ашық қарым-қатынас әсер еткен. Әлібек дрон технологияларына қызығады. Ол Орталық Азия деңгейіндегі дрон симулятор жарысында алғашқы ондыққа кіргенін, сондай-ақ бірнеше шағын жарыста жүлделі орын алғанын айтты. Оқушының сөзінше, дрон футболы командалық ойынға ұқсайды: бес адамнан құралған топ дрондарды басқарып, белгіленген тапсырмаларды орындайды. Мұндай жоба баладан техникалық машықпен бірге жылдам шешім қабылдау, дәлдік, командалық үйлесім талап етеді.

ЖИ дәуіріндегі мектеп: Оқушыларға пайдасы мен қаупі қандай?

Ата-аналар үшін де фестиваль мектептің ішкі өмірін жақынырақ тануға мүмкіндік берді. Бірінші сынып оқушысының анасы Гүлнұр Досқалиева «Алтын Орда» мектебі туралы алғаш Instagram арқылы білгенін, кейін мектепке арнайы экскурсияға келіп, баласын осы білім ордасына беруге шешім қабылдағанын айтты.

«Қызымның қай салаға бейім екенін әлі нақты айта алмаймын, бірақ математикаға икемі бар сияқты. Мені мектептің IT бағыты қызықтырды. Қазір болашақ цифрлық технологиялармен тығыз байланысты екені анық. Мұнда математикаға да айрықша көңіл бөлінеді. Осындай іс-шаралар балалардың қарым-қатынас жасау қабілетін, өзіне сенімін, өзін еркін ұстауын қалыптастырады», дейді ата-ана.

Айта кетейік, «Алтын Орда» мектебі ашылғанына екі жыл ғана болғанымен, білім беру сапасы мен оқушылар жетістігі арқылы көзге түсе бастаған. Оқу жылы ішінде 94 оқушы қалалық олимпиадалардың, 37 оқушы облыстық кезеңдердің, 12 оқушы республикалық деңгейдегі байқаулардың жүлдегері атанды. Сондай-ақ 5 оқушы халықаралық конкурстар мен ғылыми жобаларға қатысты. Мектеп командасы 22-26 сәуір аралығында Түркияның Анталия қаласында өткен Fibonacci International Robot Olympiad-2026 халықаралық робототехника олимпиадасына да қатысқан.

Мектептерде оқушыларға смартфон қолдануға тыйым салынуы мүмкін

Жобалар фестивалі оқушы еңбегін көпшілікке көрсету ғана емес, баланың бойындағы ізденіс пен сенімді күшейтетін орта екенін аңғартты. Ғылымға қызыққан жас үшін алғашқы модель, алғашқы тәжірибе, алғашқы көпшілік алдындағы таныстырылым үлкен жолдың басы болуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар

45 градусқа дейін күн ысиды: Синоптиктер жаз айларында ауа райы қандай болатынын болжады

Қоғам • Бүгін, 17:05

Зеленский кеңсесінің бұрынғы басшысы Андрей Ермак қамауға алынды

Әлем • Бүгін, 16:48

Алматыда 5%-дық ипотека беріледі: Жастарға арналған бағдарламаның шарттары қандай?

Қоғам • Бүгін, 16:43

Қақпашы Темірлан Анарбековке Түркия көз тігіп отыр

Спорт • Бүгін, 16:38

Қазақстан Иранға гуманитарлық көмек жіберді

Қазақстан • Бүгін, 16:27

Украинадағы алаяқтық: Қазақстан азаматтарын алдап келген 53 шетел азаматы ұсталды

Қоғам • Бүгін, 16:16

Елордада тыйым салынған жерге көлік қойғандарды енді камерасы бар арнайы көліктер тіркейді

Қоғам • Бүгін, 16:05

Астанадағы LRT аялдамаларының атаулары белгілі болды

Оқиға • Бүгін, 16:00

Кіші Талдыкөлдегі экопарк құрылысы биыл басталады

Инфрақұрылым • Бүгін, 15:57

Ердоғаннан тарту: Түркия Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығына арналған кітап дайындады

Қазақстан • Бүгін, 15:38

LRT-ның нақты қай күні іске қосылатыны белгілі болды

Қоғам • Бүгін, 15:21

Жылдық 5%: Шаруаларға жеңілдетілген несие алу үшін қандай талап қойылды?

Шаруашылық • Бүгін, 15:17

Ұлытау облысында 30 отбасы қоныс тойын тойлады

Аймақтар • Бүгін, 15:16

Маңғыстауда ашық аспан астындағы археологиялық музей салынады

Музей • Бүгін, 15:05

LRT жолақысы қымбаттай ма: Әкімдік жауап берді

Қоғам • Бүгін, 14:45

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью