Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Былтыр Ұлттық Банк екінші деңгейлі банктер мен банктік емес жекелеген айырбастау пунктеріне жалпы салмағы 889,5 кг 27 807 өлшемді құйма сатты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Өлшемді құймалар көп сатылған өңірлер: Алматы (20 526 дана, 74%), Астана (1 650 дана, 6%) және Шымкент (1 099 дана, 4%).
Халыққа арналған өлшемді құймаларды Halyk Bank, Еуразиялық банк, Alatau city bank, ЦентрКредит Банкі арқылы, сондай-ақ банктік емес жекелеген айырбастау пунктерінде сатып алуға немесе кері сатуға болады.
Осылайша, 2025 жылы ЕДБ мен банктік емес жекелеген айырбастау пунктері кері сатып алғанды ескергенде, халыққа жалпы салмағы 1,1 т – 40 799 өлшемді құйма сатты. Бағдарлама іске қосылғалы сатылған алтын құймалардың жалпы саны – 263 479, ал олардың жалпы салмағы – 9 т.
Халық арасында сұранысқа ие алтын құйманың салмағы – 10 г. Сатылған көлемнен оның жалпы үлесі 26% – 67 833 дана. Одан кейінгісі 5 грамдық құйма, сатылғаны – 57 847 дана (22%), 100 грамдық құймадан – 53 289 дана (20%), 20 грамдықтан – 49 154 дана (19%) және 50 грамдық құймадан – 35 356 дана (13%).
Әрбір алтын құйма қорғау элементтерімен қапталған (құйманың айна беті, микротекст және бедерлі жиегі бар) және механикалық зақымданудан қорғайтын арнайы қорапқа салынып шығады. Сол арқылы құйманың ашылған-ашылмағанын оңай тексеруге болады. Қорғаныш қорабы сапа сертификаты болып та саналады. Сондықтан, алтын құйманы ұқыпты сақтап, қорабын бүлдірмеуге кеңес беріледі.
Алтын құйма – сенімді инвестиция құралы. Алтын құймалар нарығындағы өтімділіктің басты кепілі – банк пен банктік емес айырбастау пунктері клиентке ақшаны сол күні төлей отырып, алтын құймаларды кері сатып ала алады.