Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық Құрылтайдың V отырысында Қызылорда қаласында заманауи, көпфункционалды кітапхана салу туралы жоспарын жариялады. Президенттің айтуынша, білім мен кітап оқу мәдениеті – ұлт дамуының негізгі тіректерінің бірі, деп жазады Egemen.kz.
«Озық ойлы ұлт болудың ең төте жолы – кітап оқу. Сондықтан кітап оқу мәдениетін қоғамда барынша орнықтыруымыз керек», деді Президент.
Ұлттық деңгейдегі ауқымды әлеуметтік жобаны алтын өндіретін «Алтыналмас» компаниясы жүзеге асырғалы отыр. Аталған жобаға салынатын жалпы инвестиция көлемі 20 млрд теңгені құрайды. Бұл бастама Қазақстан өңірлеріндегі мәдениет пен білім саласындағы ең ірі жобалардың біріне айналмақ.
Заманауи кітапхана
Жаңа кітапхана өңірдің ең ірі мәдени-білім орталығына айналады. Ерекшелігі – кейбір негізгі аймақтар тәулік бойы оқырманға қолжетімді болады. Мұнда 100 орындық заманауи амфитеатрлы, Hi-Tech құралдарымен жабдықталған ашық форматтағы оқу залы, 50 жұмыс орны бар электрондық зал, медиалаборатория және цифрлық контентпен, жасанды интеллект пен заманауи бағдарламалармен жұмыс істеуге арналған подкаст-студиялар қарастырылған.
Ғимараттың жалпы ауданы шамамен 13 000 шаршы метрді құрайды. Кітапхана көп деңгейлі функционалдық аймақтарға бөлінген. Мысалы, жертөле қабатында архивтер мен сирек кездесетін қорлар, негізгі кітап қоры, реставрация мен типография бөлімдері, әдебиетті қабылдау және тарату аймақтары орналастырылады. Ал бірінші қабатта букшоп пен кофехана, балалар кітапханасы мен ойын аймағы, коворкинг, 200 орындық конференц-зал және фудкорт қарастырылған.
Екінші қабатта өлкетану және мерзімді басылымдар залдары, әмбебап оқу залы, анықтамалық-библиографиялық бөлім және көрме галереясы орналасады. Үшінші қабат шығармашылыққа және заманауи форматтарға арналмақ. Мұнда келушілерге арт-студиялар мен шеберханалар, медиалаборатория, өнер залы мен сирек кітаптар залы, әлем әдебиеті бөлімі, электрондық кітапхана және ашық оқу аймақтары қызмет көрсетеді.
Осылайша, кітапхана мектеп оқушылары, студенттер, зерттеушілер, шығармашылық топтар, білім мен идеялармен жұмыс істейтін барлық адамдар үшін негізгі орталыққа айналады.
Компанияның атқаратын рөлі
Жоба Мемлекет басшысының бастамасымен іске асырылып, компанияның білім, ғылым мен мәдениетті ұзақ мерзімді дамытуға атсалысатын сенімді әлеуметтік серіктес екенін көрсетеді. «Алтыналмас» АҚ айтуынша, бұл бастама – олардың жүйелі әлеуметтік саясаты мен бизнес стратегиясының бір бөлшегі.
«Адамның тұрақты дамуына инвестиция қажет. Кітапхана – ойды, мәдениетті және болашақ ұрпақты қалыптастыратын орын. Біз үшін ұлттық ресурстардың қоғамға ұзақ мерзімді пайда әкеліп, барлығына үлес қосуы маңызды», дейді компания өкілдері.
Жобаның жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеуге 12 ай қажет. Құрылыс жұмыстары 2029 жылдың соңына дейін аяқталады. Заманауи кітапхананың пайда болуы Қызылорда облысының рухани және интеллектуалды дамуына үлес қосып, бизнестің мемлекетпен тиімді серіктестігін көрсететін үлгі болмақ.
«Алтыналмас» – әлеуметтік жауапкершілікті компания, өңір өміріне жүйелі түрде араласып келеді. Мысалы, 2025 жылы компания үш жылдық ауқымды бағдарламаны бастап, кенттер мен шағын қалалардың тұрмысын жақсартуға 28,1 млрд теңгеден астам қаражат жұмсады. Бұл қаржы Ақмола, Қарағанды, Павлодар және Жамбыл облыстарында білім, спорт, денсаулық сақтау, тұрғын үй-коммуналдық қызметтер, абаттандыру және мәдениет саласындағы негізгі әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға бағытталды.
Соңғы жаңалықтар
Қарашығанақ төрелігі: Қазақстан 4 млрд долларға дейін өтемақы өндіруі мүмкін
Экономика • Бүгін, 12:00
Сауалнама: Ел азаматтарының 80%-ы Конституциялық реформаны қолдайды
Халық • Бүгін, 11:51
34 секунд айырмашылық: Кениялық желаяқ әлем рекордын жаңартты
Спорт • Бүгін, 11:45
Газа секторындағы ахуал: Құрбандар саны 70 мыңға жетті
Әлем • Бүгін, 11:33
Ғалам ғажаптары: Жердегі ең үлкен сурет қалай салынды?
Ғалам ғажаптары • Бүгін, 11:30
Ақтөбеде газ иісіне қатысты шағым көбейді: Мамандар неге себебін таба алмай отыр?
Аймақтар • Бүгін, 11:20
Енді жүк тасымалы навигациялық пломбалар арқылы бақыланады
Аймақтар • Бүгін, 11:08
Футболдан әлемдік рейтинг жарияланды: Қазақстан нешінші орында тұр?
Футбол • Бүгін, 11:00
Биыл тозығы жеткен 55 қазандық пен 51 турбина жаңартылады
Энергетика • Бүгін, 10:48
Сулумов жекпе-жекке шығудан бас тартты: АСА лигасы «Спартакқа» жаңа қарсылас іздеп жатыр
Спорт • Бүгін, 10:38
Петропавлда сталкинг туралы жаңа бап негізінде алғашқы сот үкімі шықты
Қоғам • Бүгін, 10:27
Қасым-Жомарт Тоқаев испан халқына бақ-береке тіледі
Президент • Бүгін, 10:20
Сарапшылар: 2026 жылы Қазақстан экономикасының өсімі 4,9% болады
Экономика • Бүгін, 10:10
Әскери топограф күні: Цифрлы ұрыс алаңы қалай жасақталады?
Әскер • Бүгін, 10:05
Сенсация: 17 жастағы қазақ теннисшісі Australian Open турнирінің жартылай финалына шықты
Спорт • Бүгін, 09:58