Алтынкөл станциясының мүмкіндігі артады | Qazaq24.com
24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Биыл шекара шебіндегі Алтынкөл станциясының тауар өткізу мүмкіндігі артады.
Оған Президенттің бесінші құрылтайда айтқан «Алтынкөл – Жетіген» бағытындағы теміржолдың жаңғыртылуы ықпал етпек.
Сонымен қатар аталған аралықтағы бес разъезд және сегіз станцияда қосымша жол салынады.
Қазақстан мен Қытай арасында жүк қабылдап жөнелтетін стратегиялық нысанда былтыр алты экспорттық парк құрылды.
Соның нәтижесінде бір тәулікте 20-дан 30 жұп пойыз қабылдайтын деңгейге жетті.
Мекеменің әлеуетін артыруға бағытталған құрылыс биыл да жалғасады.
Данияр Нұрқасымов, Алтынкөл станциясының басшысы: - Биыл сұрыптау дөңесі салынып жатыр. Ол жерде сегіз жол салынып жатыр.
Читать полностью
Читать новость